What are you looking for?

Атырауда қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

17.11.2025

15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Баршаңызды келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бұл салада қызмет ететін мамандар мұқияттылықпен, жауапкершілікпен, қызметіне деген мінсіздігімен ерекшеленеді. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс, бюджеттеріңіздің теңгерімді, істеріңіздің мінсіз болуын тілеймін", – деді Ж.Бисембиев.

Іс-шарада қызметкерлерге ҚР Қаржы министрінің төсбелгісі, "Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі сондай-ақ, министрліктің алғыс хаты мен облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табысталды.

Сала ардагерлері "Атырау облысы алдындағы еңбегі үшін" төсбелгісімен және бір топ қаржыгер "Атырау облысы мәслихатына – 30 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.

Social Link

Follow Me On Social Media