Түркістанда суши жеген 55 адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан тексеріс басталғанын мәлімдеді.
- Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті, — делінген әкімдік ақпаратында.