What are you looking for?

Павлодарда ветеринария басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

16.03.2025

Лауазымды тұлға қызмет бабын асыра пайдаланып, заңсыз жолмен бюджет ақшасын жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы ветеринария басқармасының бұрынғы басшысы Айдар Увалиев мемлекеттік сатып алу конкурстарынан ақша жымқырудың түрлі айла-шарғыларын ойлап тапқан. Екібастұздың ауылдық аймағындағы мал қорымдарын тазалау қызметін ойлап тауып, ойнатылған конкурста жалған фирма жеңіп шыққан. Сөйтіп тендерден ұтып алған қаражаттан Увалиевтің шотына 1,5 млн теңге аударған. Фирма тазалық жұмысымен айналыспаған, оны жергілікті ветеринарлар атқарып келген. Ол бұл қаражатқа несиесін жаптым деп ақталған.

Ал шенеунікке тағылған тағы бір айып – ол қарамағындағыларға сыйақы жазып беріп, оның жартысын өзі алып отырған. Осылайша 780 мың заңсыз табыс тапқан.

Аталған деректер бойынша А.Увалиевке қатысты қылмыстық із қозғалған болатын.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты өңірлік ветеринария басқармасының бұрынғы басшысы Айдар Увалиевке қатысты қозғалған қылмыстық істің нүктесін қойды.

– Айдар Увалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Әрі ол мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айрылды, – деп хабарлады қалалық соттан.

Social Link

Follow Me On Social Media