What are you looking for?

Әскери-теңіз күштері дрондар мен камикадзе-катерлерге қарсы оқу-жаттығу өткізді

18.03.2025

Камикадзе-катерлер мен дрондардың шабуылына тойтарыс беру. Каспий теңізінің акваториясында еліміздің Әскери-теңіз күштері өздерінің оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жаңа тактикаларды меңгерді, деп хабарлайды 24kz.

Іс-шараны Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов арнайы бақылады. Оқу-жаттығу жиындары 3 кезеңнен құралды. Оның барысында теңізде күдік тудырған кемені тексеру мен апатты деп танылған қайықтарға көмек көрсетілді. Тағы жауынгерлер теңіз миналарын залалсыздандырып, жерүсті және әуе нысандары бойынша практикалық атыстар жүргізді. Камикадзе-катерлер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлі шабуылдарына тойтарыс берілді.

Ерлан Оспанов, ҚР Әскери-теңіз күштері «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кемесінің командирі:

- Жаттығу барысында әр текті кемелер дивизионы дабыл бойынша көтеріліп, кемелер өздеріне белгіленген аумақтарға орналасты. Сонымен қатар Алатау минатапқыр кемесі өзіне қатысты құралды қою жаттығуын орындады. Зымыранды артиллериялық кемелері су үсті диверсанттарына қарсы тойтарыс беру іс-әрекеттері мен су үсті және әуе нысандарын жою бойынша атыс жаттығуларын орындады.

Social Link

Follow Me On Social Media