Доллардың 6 наурыздағы бағамы белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,71 теңгеге төмендеп, 495,95 теңге болды.
Айта кетейік, доллардың 6 наурыздағы ресми бағамы — 496,71 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 497,46 теңгеге, ал сату бағамы 499,90 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 496,28 теңгеден сатып алынып, 502,27 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін теңге кеше де нығайғаны хабарланды.
5 наурызда KASE Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 496,66 теңге болып, 3,05 теңгеге төмендеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!