What are you looking for?

Израиль Газа секторында ірі әскери операция өткізуге дайындалып жатыр

25.03.2025

Израиль билігі Газа секторында ХАМАС ұйымына қарсы ірі әскери операцияға дайындалып жатыр.

Бұл туралы америкалық The Wall Street Journal газеті хабарлады. 18 наурызда еврей елінің әскері 2 айға жалғасқан бейбіт бітімнен кейін Газаны қайтадан атқылай бастады. Оған ХАМАС-тың тұтқындарды босатудан бас тартуы себеп болған. Бір аптада атыс-шабыс салдарынан 730 палестиналық қаза тауып, тағы бір жарым мыңдайы жараланған.

Social Link

Follow Me On Social Media