What are you looking for?

«ЭкоҚолдау» бағдарламасына биыл 9,2 млрд теңге бөлінеді

26.03.2025

Елімізде қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарын ынталандыру мақсатында «ЭкоҚолдау» бағдарламасына биыл 9,2 миллиард теңге қарастырылды.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

«Өткен жылдан бастап министрлік қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарын ынталандыру мақсатында «ЭкоҚолдау» бағдарламасын қайта іске қосты. Биыл осы төлемдерге 9,2 миллиард теңге қарастырылды», – деді ол Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, полимер қалдықтарының жиналған және қайта өңделген әр тоннасы үшін биыл төлем сомасы 71 мың теңгеден асады.

«Біз қалдықтарды қайта өңдеудің меншікті жүйесі бар өндірушілер мен импорттаушыларды утильалым төлеуден босату талаптарын жеңілдеттік. Атап айтқанда меншіктегі міндеттеме тек қайта өңдеу жабдықтарына қолданылады, ал ғимараттар немесе көлік құралдары жалда болуы немесе аутсорсингке берілуі мүмкін», – деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Айта кетелік қоқыс өңдеу саласында 316,9 млрд теңгенің 67 жобасы мақұлданды.