What are you looking for?

Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанған: сот үкім шығарды

26.03.2025

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 17 жастағы жергілікті тұрғынға үкім шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Колледж студенті кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталды. Сот жабық өтті.

Tengrinews.kz

"М. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі "Зорлау" және 121-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп танылсын, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылсын", — деді судья Нұрлан Қайырбеков.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот студенттің кәмелет жасына толмағанын және оның екінші топтағы мүгедектігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін Павлодар облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева кәмелетке толмаған қызды зорлаған адам оның жақын туысы екенін мәлімдеді.

Еске салайық, былтыр Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды. Оқушы Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған. Өмірге қыз бала әкелген. Ал оқушының жүктілігін бірінші мұғалімдер байқаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media