What are you looking for?

“Оңтүстік Кореяға жұмыс визасы“. 92 млн теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды

07.03.2025

92 миллион теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс визасын жасап беремін деп алдап, 92 020 000 теңге жымқырған.

Сот үкімі

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

"Алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, 23 жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды", — деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media