What are you looking for?

Бангалордағы крикет мерекесі қайғылы жағдайға ұласты

05.06.2025

4 маусымда Үндістанның Бангалор қаласында жергілікті "Роял Челленджерс" крикет командасының жеңісін атап өту кезінде адам көп жиналып, қайғылы жағдай орын алды.

Стадион маңында басталған дүрлігуден 11 адам көз жұмып, кемінде 30 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 32 мың адамдық стадионға 200 мыңнан аса адам жиналған. Бұған дейін қала полициясы осындай оқиғаның болу қаупі туралы ескертіп, азаматтарды үйде қалуға шақырған еді. Алайда ескертуге құлақ аспай "Роял Челленджерс" крикет командасының жанкүйерлері жаппай алаңға ағылған.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда алаңда басталған дүрбелең мен полицияның тәртіп орнату әрекеттері көрінеді. Қаза болғандардың ішінде бала да бар, бірнеше адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бұл оқиғаға байланысты көңіл айтып, "Жүректі езерлік қайғылы жағдай", – деп баға берді.

Social Link

Follow Me On Social Media