What are you looking for?

«Көкпарға ақшаны үйіп-төгеді, шауып келген атқа джип мінгізеді»: Санжар Керімбай кәсіпкерлерге шүйлікті (ВИДЕО)

30.06.2025

Танымал қоғам белсендісі Санжар Керімбай қазақтың кәсіпкер жігіттеріне үндеу жасады. Қоғам белсендісі өз ойын подкастқа берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Спортшылардың бәріне гүрілдетіп 100 мың доллардың көлігін беріп жатыр. Біреудің аты 100 км шауып келсе, дәк көлік мінгізеді. Көкпар тартады, ауылдың қарулы жігіттерінің бәрі.

Азаннан кешке дейін, аузына қамшыны тістеп алып, қиқулап. Бейшара серкенің жүнін жұлып, ары-бері лақтырып. Ең соңында бір-бір көлік мініп кетті. Кәсіпкер жігіттеріңнің көкірегінде сәуле болса, болашақ ұрпағының мүддесін, өсіп-өнуін ойлайтын болса, көкпарға ақшаны үйіп, төкпе. Әншейін диплом, қой бере сал, мысалға? Есің дұрыс па? Шауып келе жатқан атқа, джип мінгізгенің не?

Адам ғой басты құндылық, атың ары кетсе 5 жыл шабар, сосын түкке жарамайды, алып сойып тастайсың ертең оны. Осыдан 10 жыл бұрын бәйгеден шауып келген аттардың атын айтып беріңдерші?

Соған делебең қозып бара жатса, грамотамен құтыла салатын нәрсе ғой? Ал спортшылар? Осыдан үш-төрт жыл бұрын әлем чемпионы болған спортшылардың аттарын атап берші? Олардың бәрі қай жақта? Олимпиада сайын аттары жаңара береді.

Бір рет келдің, туды көтерді, гимн ойнады, «кайф» алдың болды. Ұмтыласың сосын. Көкірегіне құндылық құйылған, елді осындай қуыс кеуде дертінен құтқаратын адамдар мемлекеттің ең бірінші байлығы, капиталы сол болып есептелуі керек. Сондықтан қалтаңа 10 мың теңге артық түсіп қалды ма, балаңа жүгіріп барып, чупа-чупс алып беруді қою керек.

Ақшаңды педагогтерге бер, қаншама балалармен шайқасып жатыр. Пробкада тұрмасын бейшаралар. Тілі шықпаған, ойын жеткізе алмайтын, диктант жаза алмайтын, түсінігеніңді айт десең қорықаннан жылап жіберетін балалар қаптап кеткен.

Соның бәрімен жұмыс істеп отыр солар. Солардың бәрінің арендасын көтеріп бер. Қуыс кеуде кәсіпкерлер сол педагогтермен ақша алмақшы? Математика, ағылшын оқытып, ақша істеп отырған болса мақұл…Ол ізгілікпен айналысып отыр, фанаттар айналысып отыр. Олар ешқашан да ақша таппайды. Біз мынаны басып шығарып, ақша тауып отырмыз ба», — деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? ЖҰЛДЫЗДАР ƏЛЕМІ ????ШОУ БИЗНЕС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (@juldyzdar_news)

Social Link

Follow Me On Social Media