What are you looking for?

Үндістан мен NASA жаңа ғарыш кемесін іске қосты

31.07.2025

NASA мен Үндістанның ғарыш агенттігі бірлесіп жасаған NISAR спутнигі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жер бетіндегі климаттық өзгерістерді бақылайтын алғашқы орбиталық құрылғы. Оның құны 1,5 млрд долларды құрайды. Аппарат екі диапазондағы L және S радарлармен жабдықталған. Ол мұздықтардың еруі сынды қауіптерді анықтап, жер бедеріндегі өзгерістерді 12 күн сайын жаңартып отырады. NISAR жинаған деректер әлем зерттеушілеріне қолжетімді болады. Жоба табиғи апаттардың алдын алуға сеп болмақ.

Social Link

Follow Me On Social Media