What are you looking for?

Прокурор Руслан Берденовке 5 рет оқ атқан адамды 11 жылға соттауды сұрады

18.08.2025

Ернар Жиембайды қорғау тарапы мұнымен келіспейді .

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына оқ жаудырған айыпталушының жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуі мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Аса ауыр қылмыс жасағаны, яғни адамды қасақана өлтіруге оқталғаны сотта өз дәлелін тапты деп есептеп, сізден сотталушы Жиембай Ернар Жиембайұлын Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі және 99-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, осы баппен оған 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жазаны қылмыстық-атқару жүйеcінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді белгілеуді сұраймын, – деді прокурор.

Бұған Р.Берденовтің қорғау тарапы да келіспеді. Олар айыпты ҚК 99-бабының 1-бөлігі емес, 99-баптың 2-бөлігі бойынша іс қозғау керегін айтады.

Ернар Жиембайдың қорғаушылары мылтық атуына қызғаныш пен ар-намысына тиюі себеп болғанын ескерткен. Әрі "бұл сот тергеуінде куәлердің жауабымен толық дәлелденді" деп отыр. Олар тергеудің болжам бойынша жүргізілгенін, сол арқылы айып тағылғанын айтқан. Сот барысында Ернар Жиембайдың әрекетін ҚК 106-бабының 1-бөлігімен саралап, бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындауды, оны 63-бап бойынша шартты жазаға ауыстыруды сұраған.

Бұған дейін Руслан Берденов өзіне оқ атқан адамды жазалауды сұрағанын жазған едік.

Social Link

Follow Me On Social Media