What are you looking for?

Түркістанда 22 адам сушиден уланып қалған

13.03.2025

Түркістанда жаппай астан улану дерегі тіркелді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық орталық ауруханаға 22 науқас жатқызылды. Ақпарат көздеріне сүйенсек, науқастардың жасы 12 мен 14 аралығында.

"Барлығы да сушиден ұшынған болуы мүмкін. Дәрігерлер "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозын қойды. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты", — деп жазылған мәліметте.

Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарына жатқызылған, оларға тиісті ем тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media