What are you looking for?

Астана мен Алматыдан Дубайға ұшатын рейстер қайта жанданады

16.09.2026

Ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаймақ.


Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Air Astana 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана-Дубай-Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды:

  • Алматы-Дубай-Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін;
  • Астана-Дубай-Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.

Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғаны айтылды. Қажет болғанда ұшу кестесі түзетілуі мүмкін, өзгерістер туралы жолаушылар хабардар етіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media