What are you looking for?

Синоптиктер бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

14.03.2025

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"14 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", — деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!