Білім беру саласындағы басты міндеттер мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын жою, білім сапасын жақсарту, педагог мәртебесін көтеруді көздейді.
Кейінгі алты жылда 1367 балабақша ашылып, кезекте тұрғандардың санын 5 есеге қысқартуға қол жеткізілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары толық тегін тамақпен қамтамасыз етілді. 2019 жылдан бері елде рекордтық көлемде 1200 мектеп салынып, 1 миллионға жуық оқушы орны ашылған. Сол секілді ауылдық жерлердегі 3 мыңнан астам мектеп жаңғыртылды. Бұл 32 апатты жағдайдағы және 71 үш ауысымды мектеп мәселесін, сондай-ақ елдегі 200 мектептегі орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді. Ал биыл шамамен 200 мектептің құрылысы жалғасады.