Атырау тұрғындары соңғы аптада қаланы жайлаған газ немесе бензинге ұқсас жағымсыз иіске шағымданып келеді. Әлеуметтік желіде экологияның нашарлағаны айтылып, зиянды газдардың бөлінуіне алаңдаушылық білдірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жағымсыз иістің көзін анықтау үшін «Қазгидромет», Атырау мұнай өңдеу зауытының сынақ зертханасы және экология департаментінің мамандары қаланың әртүрлі бөлігінен ауа сынамаларын алды.
Зерттеу нәтижелері көңіл көншітпейді: күкіртсутегі, көмірсутектер және бензол концентрациясы рұқсат етілген шектен 11 есе жоғары.
Экология департаменті қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық нормалардың сақталуын тексеруді тапсырды. Оның қорытындысы бойынша есеп беріледі.