What are you looking for?

Ақтөбеде вагоннан өрт шыққан

21.03.2025

Ақтөбелік құтқарушылар вагондағы өртті сөндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Оқиға Шалқар қаласындағы темір жол станциясында 4-ші станциялық жолда болған. Бүгін 112 пультіне жеке тұрған вагондағы 12 шаршы метр алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Құтқарушылардың кәсіби және үйлестірілген әрекеттерінің арқасында өрт тез арада оқшауланып, вагон ішінде одан әрі таралуына жол берілмеді. Оқиға орнына өрт сөндіру жасағы мен ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жіберілді", — деп жазылған хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Министрлік төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media