What are you looking for?

Түркістанда «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасы өтті

25.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ер түріктің бесігі саналатын Түркістан шаһарының жұрты таңмен таласа, туристік кешен аумағына жиналып, «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасын тамашалады. Ашық алаңға ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық дәстүріміз жаңғыртылды. Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады.

Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:

Түркістанның ең көрікті орындарының біріне айналған «Керуен сарай» кешеніне бүгін облыс жұртшылығы жиналды. Мұнда ұлттық қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, жиналған жұрт жергілікті шеберлердің қолынан шыққан түрлі бұйымдарды тамашалады. Қазақ халқының бай мәдениетімен танысты. Ал аспаздар мен қыз-келіншектер бүгінде ұмыт бола бастаған ұлттық тағам түрлерін қайта жаңғыртып, көпшілік назарына ұсынды.

Сондай-ақ мерекеде арқан тартыс, қазақша күрес, асық ату сияқты ұлттық ойындарға көпшілік қатысып, жеңімпаздар сый сыяпаттармен марапатталды. Жұртшылықты әсіресе ұмыт бола бастаған бөрене көтеру ойыны қызықтырды. Алыптар ғана қатыса алатын ойында жігіттер жағы 130 келілік бөренені көтерді.

Көктем мен жаңарудың жаршысы болған Наурыз мейрамына әсіресе отбасымен келген тұрғындар көп болды. Солардың бірі түркістандық Тайырхан әулеті. Қазақ нақышта киінген қыз келіншектер мен жеткіншектер қазақ халқын ұлық мерекемен құттықтады.

Ұлы қазақ елін, Алаш елін бүгінгі әз-Наурыз меркесімен құттықтаймыз. Дастарханымыз мол болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Наурыз құтты болсын.

Айнұр Әбілқасымқызы

Social Link

Follow Me On Social Media