Табиғат аясындағы серуен, көше тағамдары, жуылмаған өнімдер — мұның барлығы жедел ішек инфекциясы таралуына себеп болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандардың сөзінше, бұл — жай ғана іш өту емес, әлем бойынша балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі. Қазақстанда да жағдай дәл осындай.
Профессор Динагүл Баешеваның айтуынша, диарея кішкентай балалар үшін аса қауіпті. Баланың ағзасы әлсіреп, көзі шүңірейіп, тамақ пен суды қабылдамай, қайта-қайта құсса, мазасызданса, бұл — ауыр белгі.
"Мұндай жағдайда ештеңені күтпей, дереу дәрігерге жүгіну керек. Ішек инфекциясына себеп болатын микроағзалар арасында вирустар да, қауіпті бактериялар да бар. Олардың салдары ауыр", — деп ескертті дәрігер.
Маманның сөзінше, іш өтуге салғырт қарамаған жөн. Алдын алу – ең тиімді қорғаныс тәсілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!