Қазгидромет 5, 6, 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 5 шілдеде республиканың солтүстігінде, 5-6 шілдеде шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады.
Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
"5 шілдеде еліміздің шығысында күндіз 40-42°С-қа дейін қатты ыстық, оңтүстігінде 45-46°С-қа дейін қатты ыстық, оңтүстік-шығысында 40-45°С болады. Қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді", — деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!