What are you looking for?

Израиль Қатар астанасына жасалған соққыны мойындады

09.09.2025

Тель-Авив ХАМАС мүшелеріне шабуыл жасау туралы шешімін орынды деп санайды. Еврей билігі 8 қыркүйекте Иерусалимде терактіден кейін осындай қадамға барғанын мәлімдеді .

Премьер-министр Биньямин Нетаньяхуның айтуына қарағанда, ХАМАС жетекшілерінің көзін жою Газа секторында соғыстың аяқталуына жол ашады. Бүгін Израиль Қатар астанасы Дохаға 10-нан астам бомба тастады. Әуе соққысына 15-ке жуық ұшақ жұмылдырылған. Бұл туралы Израиль радиосы «Галей ЦАХАЛ» хабарлады.

БАҚ деректеріне сәйкес соққы салдарынан қозғалыстың саяси жетекшілерінің бірі – Халиль әл-Хайя қаза тапқан. «Әл-Жазира» телеарнасының мәліметі бойынша қайтыс болғандар арасында қозғалыс көшбасшысының ұлы бар. Белгілі болғандай, жарылыс кезінде ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілдері атысты тоқтату жөніндегі ұсынысты талқылап отырған. Қатардың Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта ел астанасында жағдай тұрақты екенін мәлімдеді. Бұл – Израильдің қақтығыс басталғалы бері ел аумағына жасаған алғашқы әуе шабуылы.

Social Link

Follow Me On Social Media