Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы Жаңаөзен тас жолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Куәгерлердің айтуынша, сол маңдағы жүргізушілер зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, көліктің ішіндегі адамдарды сыртқа шығаруға тырысқан.
Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, апат салдарынан бес адам зардап шеккен, оның ішінде екі бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмаған.
Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Related items