What are you looking for?

Елде мал ұрлығы екі айда 47,2%-ға төмендеді

17.03.2025

Былтыр екі айда мал ұрлығының 217 фактісі тіркелсе , биыл — 152 факт тіркелген

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 37%-ға азайды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2025 жылдың екі айында бұл қылмыс түрі 47,2%-ға төмендеді. Былтыр екі айда мал ұрлығының 217 фактісі тіркелсе, биыл — 152 факт тіркелген.

Қазіргі таңда «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Семей қаласынан 17 шақырым жерде тиісті құжаттарсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз етті қайта өңдеуді және сатуды жүзеге асырған заңсыз цех анықталды. 350 бас ірі қара мал, ет өнімдері және етті бөлшектеуге арналған арнайы жабдықтар, 96 дана құлақ жапсырмалары тәркіленді», деп жазылған хабарламада.

Шымкентте осыған ұқсас тағы бір цех анықталды. 30-дан астам ірі қара мал және 40 жылқы тәркіленді. Ал Жетісу облысында еркін жайылымнан бес сиырды ұрлап әкеткен ер адам ұсталды.

Барлық факті бойынша тексеру жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, деп хабарлады ведомстводағылар.

Social Link

Follow Me On Social Media