What are you looking for?

Алдағы күндері Қазақстанда 30 градус ыстық болады

17.03.2025

Қазақстандық синоптиктер тұрғындарға алдағы үш күнде – 2025 жылғы 18 наурыз бен 20 наурыз аралығындағы ауа райынан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтілуде:

  • республиканың солтүстігінде түнде -3+5°C, күндіз +5+16°C дейін;
  • орталықта түнде -3+5°С, күндіз +5+20°С дейін;
  • республиканың шығысында түнде -7+5°C дейін, күндіз +3+16°C дейін;
  • батыста ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +5+18°С дейін төмендейді;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде +5+13°С, күндіз +22+30°С дейін көтеріледі.
"Республиканың басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз күн ашық болады. Тек республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстары ғана циклондық науаның ықпалында болады, онда жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауады, жел күшейеді, жолдар көктайғақ болады", – деп хабарлады гидрометеорологиялық орталықтан.

Сондай-ақ Қазақстанда тұман күтілетіні хабарланды.

Social Link

Follow Me On Social Media