Ғалымдар мен мемлекеттiк органдардың күш-жiгерiнiң арқасында кейінгі онжылдықта жойылып бара жатқан бiрқатар түр едәуiр көбейді. Бұл туралы ҚР Зоология институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қызыл кітабының бас редакторы Роман Ященко ӨКҚ баспасөз конференциясында мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде Қазақстанда сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар тізімінде 227 түр тіркелген. Алайда ғылыми зерттеулердің арқасында біз бұл тізімді қайта қарауды және оны 217 түрге дейін қысқартуды ұсындық, бұл кейбір түрлердің популяциясындағы оң өзгерістерді көрсетеді", — деді сарапшы.
Оның айтуынша, Алматының символдарының бірі қар барысын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде оның Қазақстанда мекендейтін жерлерінің 70%-ға жуығы қорықтардың қорғауында.
Жабайы табиғатта жануарлардың мінез-құлқын зерттеу және бақылау мақсатында ғалымдар фототұтқыштар мен спутник телеметриясын пайдаланады. Қазірдің өзінде 11 қар барысына спутник қарғыбауы берілген.
"Жүйелі шаралардың арқасында Қазақстандағы қар барысының саны 1990-шы жылдардағы 80-100 дарақтан бүгінде шамамен 160-180 дараққа дейін өсті", — деді Роман Ященко.
Сондай-ақ, ол 2024 жылы Қазақстан екі ауқымды жобаға, яғни жолбарыс пен Пржевальский жылқысын қалпына келтіру бойынша белсенді кезеңге өткенін айтты. Тарих бойынша бұл жануарлар ел аумағында мекендеген, бірақ толығымен жойылған.
ҚР Зоология институты бас директорының орынбасары Марина Чирикова негізгі өзгерістердің бірі жануарлардың 21 түрін, оның ішінде 19 омыртқасыз бен екі омыртқалыны алып тастау болғанын айтты. Себебі олардың популяциясы тұрақталған және олар енді жойылып кету қаупінде емес.
Алайда тізімге 11 жаңа түр қосылды, оның ішінде жәндіктердің үш түрі, құстардың екі түрі және сүтқоректілердің бір түрі бар.
"Кейінгі 12 жылда Қаратау тауларындағы ақбас құмайдың саны 95%-ға қысқарды. 2002 жылы Қазақстанда 250-ге жуық жұп болған қара құс өңірден жоғалып кетті. Қамыс мысық та тізімге енгізілген, өйткені оның бар екені тек ескі жазбалармен расталған", — деді Марина Чирикова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Related items