What are you looking for?

Атырауда ұлттық киім шеруі өтеді

17.03.2025

Атырауда 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қала тұрғындарының қатысуымен ұлттық киім шеруі өтеді .

Бұл шара Атырау қаласында алғаш рет 2023 жылы 1 маусымда ұйымдастырылып, мыңдаған атыраулықтың қатысуымен өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақжайық" газетіне сілтеме жасап.

Шеру Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз күні сағат 16:00-де Ту тұғырынан бастап, Исатай-Махамбет алаңына дейін өтеді.

"Қала тұрғындарын ұлттық киім киіп, отбасымен, балаларымен, ата-әжелерімен бірге осы ерекше шараға қатысып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге шақырамыз", - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Шеру мерекелік концертпен жалғасады.

Social Link

Follow Me On Social Media