Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.