Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,13 теңгеге төмендеп, 499,04 теңге болды.
Рубльдің орташа сараланған бағамы 5,89 теңге болды.
Таңғы саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,90 теңгеге (-0,80) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 497,7-500,5 теңге, еуро 541,5-546,5 теңге, рубль 5,77-5,91 теңге аралығында сатылуда.
17 наурыз күнгі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мамыр фьючерстерінің құны 0,65%-ға өсіп, барреліне $71,04 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,66%-ға қымбаттап, барреліне 67,35 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 505,15 теңге, еуроны 550,31 теңге, рубльді 5,89 теңге деп белгіледі.