Шымбұлақта қар көшкінінен бір адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, қар көшкіні Комсомол шыңында болған.
Шымбұлақ курортынан бір шақырым жердегі Нунатак көліндегі тыйым салынған жерде үш адам сырғанап жүрген. Шаңғымен төмен сырғанау кезінде олар көлбеуді кесіп өтіп, қардың түсуіне себеп болды. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалды, — делінген мәліметте.
Екі жәбірленуші өз бетінше шыға алған, үшіншісін «Шымбұлақ» құтқарушылары қар астынан алып шықты. Зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатыр.