What are you looking for?

Ақтөбе облысында заңсыз ет цехы және ауылдағы мал ұрлығы ашылды

17.03.2025

Ақтөбе облысында заңсыз ет цехы және ауылдағы жылқылар ұрлығы ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаменті мал ұрлығын алдын алу, оны ашу және жолын кесу мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс аумағында 5 мал ұрлығы тіркеліп, олардың 3-уі ашылды.

Қазіргі уақытта республика аумағында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған шара барысында Ақтөбе қаласында ет өнімдерін өңдеу және заңсыз сату ісімен айналысқан цех анықталды. Бұл цехта ет рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып өңделіп, сатылып келген. Полиция қызметкерлері цехтан бөлінген ет пакеттерін, бірнеше тартылған ет пакетін, тұтас ұшаны, ірі қара мал бастарын, ет қалдықтарын және етті кесуге арналған жабдықтарды тәркіледі.

Сондай-ақ Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің шаруашылығынан қос ұңғылы аңшылық мылтық, ет кесуге арналған түрлі пышақтар, арқан, таразы, сондай-ақ жануарлардың ішкі бөліктері тәркіленді. Барлық фактілер бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media