What are you looking for?

Спорттық жүрістен АЧ-2025: Қазақстандық жеңіл атлеттер екі медаль иеленді

17.03.2025

Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы бұл жарыста екі медаль иеленді.

Екі жүлде де 20 шақырымдық қашықтықты еңсеруде бұйырды:

  • ерлер арасында Георгий Шейко күміс жүлдегер атанды, оның көрсеткіші – 1:23:07.
  • әйелдер сайысында Жасмин Тоқсанбаева 1:33:11 нәтижесімен қола медаль иеленді.

Бұған дейін Қазақстан ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media