Бүгін, 2025 жылдың 6 наурызында мектеп оқушысын жүк көлігі қағып өлтірді. Елордалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінің мәліметінше, факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшылары Бейсекбаев көшесімен жүріп келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісінің Кенесары көшесінің қиылысында бұрылыс кезінде жолды белгіленген жерде, бағдаршамның рұқсат етілген түсінде кесіп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіге соқтығысуға жол бергенін анықтады.
"Жарақат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу жүргізілуде. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды". Астана ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің көмегіне қарамастан, биологиялық өлім тіркелгенін айтты.
Құқық қорғау органдары жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) қатаң сақтау қажеттігі туралы тағы да ескертеді.
"Жүргізушілер жылдамдық режимін сақтауға, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде өте мұқият болуға міндетті. Сондай-ақ, ата-аналарға жолдан өту кезінде балаларды қараусыз қалдырмауға және оларға жол бойындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі еске салуға кеңес беріледі". Астана ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін БҚО-да мемлекеттік грант қаржысы мақсатсыз жұмсалғандығы хабарланған болатын.