What are you looking for?

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мерекелерде және демалыс күндері қалай жұмыс істейді

06.03.2025

Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдағы мереке күндері – 8-9 наурызда жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Дүйсенбі, 10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтарда сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды", — делінген мемлекеттік корпорацияның Telegram-дағы арнасында.

Сондай-ақ хабарламада дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталатыны айтылған. Ал 21, 22, 23 және 24 наурызда Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері болып саналады.

Кезекші орталықтардың қазіргі мекенжайларын осы жерден қарауға болады.