What are you looking for?

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер мал ұрысын ұстады

18.03.2025

Шығыс Қазақстан облысы ауданындарының бірінен полиция қызметкерлері еркін жайылымнан ұрланған жеті ұсақ мал ұрлығын ашты.

Жалпы келтірілген шығын мөлшері 400 мың теңгеден асты.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция мал иелеріне арнайы белгіленген жайылымдарды пайдалануды, жануарларды қараусыз қалдырмауды, әсіресе түнгі уақытта, таңбалау (чиптеу) әдістерін қолдануды және жайылым маңында күдікті адамдарды мен көліктерді байқаған жағдайда дереу полицияға хабарлауды ескертеді.

Social Link

Follow Me On Social Media