ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Nazira Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.
Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.
Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.
Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.
Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.
Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.