Олардың қатарында "Америка дауысы" мен "Азаттық радиосының " демалысқа жіберілген қызметкерлері де бар.
Бір ғана "Voice of America" бас директоры Майк Абрамовиц 1300-ге жуық қызметкерінің ақылы демалысқа шыққанын айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дональд Трамптың қысқартуды талап ететін бұйрығы "Voice of America", "Radio Free Europe and Asia" және "Radio Marti"-ға, сондай-ақ Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғалымдар орталығы, АҚШ-тың баспанасыздық жөніндегі ведомствоаралық кеңесі және Қоғамдастықты дамытудың қаржы институттары қоры сияқты басқа да мемлекеттік органдарға қатысты.
"Voice of America" бас директоры Майк Абрамовицтің мәлімдеуінше, оның 1300-ге жуық қызметкері ақылы демалысқа шыққан.
– Қызметкерлер АҚШ-тың Жаһандық медиа агенттігінің (USAGM) кадрлық бөлім агенттігінен олардың федералды қаржыландыруының тоқтатылғаны туралы электрондық пошта хабарламасын алды, – деп жазады BBC.
USAGM сондай-ақ "Азаттық радиосына" гранттарды тоқтату туралы хабарландыру жіберді.
– Хатта қызметкерлердің әкімшілік демалысқа шығарылғаны және "басқа хабарлама алғанға дейін" жалақы мен жәрдемақы алуды жалғастыратыны айтылған, – деп хабарлайды LiveNOW Fox.
Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавский Еуропалық Одақ "Азат Еуропа" радиосының Прагада жұмысын жалғастыруға көмектесетініне үміт білдірді. Ол еуропалық сыртқы істер министрлерінен БАҚ қызметін ішінара жалғастыру жолын табуды сұрайтынын айтқан.
АҚШ үкіметінің шығындарын жаппай қысқартуды қадағалап отырған миллиардер және Трамптың бас кеңесшісі Илон Маск "Америка дауысы" радиостанциясын жабуға шақыру үшін өзінің X әлеуметтік медиа платформасын пайдаланған еді.