What are you looking for?

Түркістан облысында екі тұрғын кәмелетке толмағандардың порновидеосын сатумен айналысқан

18.03.2025

Түркістан облысында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының 2007 және 2006 жылы туған екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан.

Бұл факт ҚК-нің 312-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдардың немесе заттарды дайындау және айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, ІІМ наурыз айында "STOP-трафик" операциясын жүргізді. Іс-шараның үш күнінде полицейлер адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен, притондар ұстаумен және жеңгетайлықпен байланысты 40 қылмысты анықтады.

Social Link

Follow Me On Social Media