What are you looking for?

Еліміздегі медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар жаңартылды

06.03.2025

Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 28 ақпандағы бұйрықпен Денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төменгі талаптарды жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) – Денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Талаптар Денсаулық сақтау субъектілерінің меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қолданылады.

Қазақстанда осы талаптарға сәйкес келетін медициналық ақпараттық жүйелерді пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл ретте медициналық ақпараттық жүйені жеткізуші ҚР резиденті болып табылады.

МАЖ Денсаулық сақтау субъектісі қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған барлық деректер мен электрондық құжаттарды уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне олар деректерді қабылдауға дайын болған кезде уақтылы беруді қамтамасыз етеді.

Бұдан өзге, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің МАЖ дәрігерлердің және бейінді мамандардың қабылдау графиктерін олар деректерді қабылдауға дайын болған кезде уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз етеді.

МАЖ шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, пациенттің медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерінің және (немесе) бейінді маманның қабылдауына және консультациясына алдын ала жазылуының болуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, МАЖ-да пациенттердің жеке деректеріне қол жеткізу деңгейлерін реттеуге болады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – ТМККК және (немесе) МӘМС) шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің МАЖ уәкілетті орган ұсынатын жеке басын сәйкестендірудің интеграциялық сервистерін қолдану арқылы пациенттерді сәйкестендіруге арналған құралдарды ұсынады.

Денсаулық сақтау субъектісінің есепке алу жүйесімен интеграциялау арқылы МАЖ мынадай функционалды қамтамасыз етеді:

  • нақты уақыт режимінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, оның ішінде денсаулық сақтау субъектісінің қоймасында шығыс пен есептен шығарудың дербестендірілген есебін жүргізу;
  • қоймада қалдықтардың тиісті саны болмаған кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тағайындау мүмкіндігін шектеуді баптау;
  • денсаулық сақтау субъектісінің бөлімшелеріндегі жалпы шығындар шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жалпы есептен шығару;
  • госпитальдық фармация бөлімі қызметінің процестерін жүргізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дербестендірілген есебін жүргізу;
  • МАЖ арқылы уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ете отырып, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу функционалын ұсынуға жол беріледі.

МАЖ мынадай функционалды қамтамасыз етеді:

  • МАЖ пайдаланушыларына олардың жұмыс уақыты бойынша қол жеткізуді шектеу;
  • пайдаланушының есептік жазбасын құру, жою және редакциялау;
  • пайдаланушының өзі жасайтын жұмысын құру, жою және редакциялау;
  • нақты пайдаланушыларға өзі жасайтын жұмысты бекіту (бір пайдаланушының бірнеше өзі жасайтын жұмысының болуы мүмкін);
  • дербес медициналық деректерді құру, жою және өзгерістер енгізу бойынша пайдаланушылардың іс-әрекеттерін логин беру және белгілі бір уақыт кезеңіндегі нақты пайдаланушылардың іс-қимылдарымен журналдарды (логтарды) қарау;
  • пайдаланушылардың жүйеге қол жеткізуіне уақытша тыйым салу;
  • пайдаланушыларға жүйеге қол жеткізуі үшін бастапқы парольдерді жасау;
  • пайдаланушыларға жүйеге қол жеткізуіне үшін парольдерді өзгерту;
  • аутентификациядан өтпеген ЭЦҚ-мен қол жеткізу әрекеттерін қарау функционалын қамтамасыз етеді.

МАЖ-ның жұмыс қабілеттілігіне байланысты себептер бойынша оның жалпы тоқтап қалу уақыты жылына жиынтық 24 сағаттан аспайды.

"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес:

  • МАЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынаудың оң нәтижелері бар сынақ хаттамасына ие;
  • МАЖ сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінен тұрады;
  • электрондық ақпараттық ресурстар, интерфейс, техникалық құжаттама және басқа да ілеспе МАЖ құжаттары мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және сақталады.

Бұдан ретте, МАЖ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сай болуы тиіс:

    • МАЖ бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының аумағында орналастыру;
    • ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын, оның ішінде криптографиялық шифрлауды қолдану;
    • деректерді шифрлауды қолдайтын МАЖ мәліметтер базасын басқару жүйесін қолдану;
    • МАЖ электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін көп факторлы аутентификацияны, оның ішінде цифрлық сертификаттарды пайдалана отырып қолдану;
    • МАЖ ақпараттық-есептеу ресурстарына қол жеткізуді және пайдаланушылардың сәйкестендіруін, аутентификациясын және парольдерін басқаруды қолдана отырып орындалатын іс-қимылдарды бақылау;
    • МАЖ пайдаланушыларының құқықтарын объектілердің иерархиясы мен ұйымдық құрылымға жататындығын ескере отырып, өзі жасайтын жұмыс, топтар және қол жеткізу деңгейі бойынша аражігін ажырату;
    • ақпараттық қауіпсіздікке әсер ететін пайдаланушы әрекеттерін журналға жазу;
    • жүйелік файлдарды өзгерістерден және (немесе) зақымданулардан қорғауды ұйымдастыру;
    • электрондық құжаттар мен құжаттардың бөліктерін аутентификациялау және оларға қол қою үшін Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ кілттерін сақтау қоймаларының барлық түрлерімен жұмысты қолдау;
    • олар куәландырылған барлық ЭЦҚ-мен бірге электрондық құжаттарды жүктеп алу;
    • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) бекітілген Электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес құжатқа қол қойған адамның өкілеттіктерін тексеру;
    • электрондық құжаттарды және электрондық ақпараттық ресурстарды олар куәландырылған барлық ЭЦҚ-мен, уақыт белгілерімен және электрондық құжатты сақтаудың бүкіл мерзімі ішінде МАЖ-да қол қойылған кезде кері қайтарып алуға (жоюға) арналған тіркеу куәліктерін тексеру мәртебесі туралы ақпаратпен бірге өзгеріссіз сақтау.

    Бұйрық 2025 жылғы 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Social Link

    Follow Me On Social Media