Қайғылы жағдай Жерорта теңізінде орын алды.
Марқұмдардың денесін Тунис жағажай күзетінің қызметкерлері тапқан, деп хабарлайды inbuiness.kz сайты "Рейтерс" агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар бірнеше құтқару операциясын жүргізіп, 612 заңсыз мигранттың өмірін аман алып қалды.
"Рейтерс" агенттігінің хабарлауынша, Жерорта теңізі арқылы Африкадан Еуропаға ағылғандар қарасы өте көп. Көбі діттеген жеріне жете алмай, жарты жолда суға батып жатады.
Дегенмен, бұл соғыс пен кедейшіліктен бас сауғалағандарға тоқтау болар емес.