What are you looking for?

Әлем чемпионаты – 2026: Марокко мен Тунис финалға жолдама алды

10.09.2025

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған құрамалардың қатары тағы екі командамен толықты.

Африка құрлығынан Марокко мен Тунис ұлттық құрамалары дүбірлі додаға жетінші мәрте қатысу құқығына ие болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін әлем чемпионатына АҚШ, Канада, Мексикадан бөлек, Оңтүстік Америкадан – Уругвай, Колумбия, Парагвай, Азиядан – Жапония, Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Аустралия, ал мұхит аймағынан – Жаңа Зеландия жолдама алған болатын. Әзірге Еуропа мен Солтүстік Америкадан бірде-бір құрама іріктеуді аяқтаған жоқ. Бұл аймақтардағы ойындар қараша айында түйінделмек.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында алғаш рет 48 құрама бақ сынайды.

9 қыркүйекте Еуропа аймағындағы іріктеу кезеңінде бірқатар ойындар өтті:

D тобы: Әзербайжан – Украина (1:1), Франция – Исландия (2:1);

F тобы: Армения – Ирландия (2:1), Венгрия – Португалия (2:3);

H тобы: Босния және Герцоговина – Аустрия (1:2), Кипр – Румыния (2:2);

I тобы: Норвегия – Молдова (11:1);

K тобы: Албания – Латвия (1:0), Сербия – Англия (0:5).

Social Link

Follow Me On Social Media