What are you looking for?

Мәселелер көшеде емес, парламентте талқылана бастады – Мәжіліс спикері

19.03.2025

Қаңтар оқиғасы бойынша екі рет арнайы парламенттік тыңдау өткізілді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент отырысында президент реформаларының орындалу барысына шолу жасады. Оның айтуынша, бұл реформалардың жеңістерінің бірі – халықты мазалайтын мәселелер көшеде емес, Парламент қабырғасында талқылана бастады.

"Біз мазмұнды, конструктивті талқылау мәдениетін қалыптастырып жатырмыз. Тіпті, Қаңтар оқиғасы бойынша екі рет арнайы парламенттік тыңдау өткіздік. Ашық талқылау барысында тергеу амалдарының мәліметтері бүкпесіз жарияланды. Оған Бас прокуратура, құқық қорғау органдары, құқық қорғаушылар және сол күндері ауыр шығынға ұшыраған кәсіпкерлер шақырылды. Елдің көкейіндегі көптеген сауалдарға жауап берілді", – деді мәжіліс спикері.

Оның айтуынша, Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палатаның жұмысы да ерекше маңызға ие. Қазір Қоғамдық палата үйлестіруші алаңға, негізгі заңнамалық бастамаларды тәуелсіз, кәсіби сараптау орталығына айналған.

"Осылайша, біз қоғаммен диалогтың жаңа форматына көштік. Бұл да мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру идеясымен толық үндесіп жатыр", – деді Ерлан Қошанов.

Social Link

Follow Me On Social Media