Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын құрылғыға ұқсас заттың табылуы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметімәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аймақтық полиция департаментінің хабарлауынша, зат Тасқала ауданындағы елді мекеннен қашық аумақта табылған.
"Зат тұтас күйінде табылған, ақауы байқалмайды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", — делінген хабарламада.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, ұшқышсық ұшатын дронға ұқсас зат 18 наурыз күні Қазақстан ауылдық округі Атамекен ауылынан 18 шақырым жерде күні табылған. Аппараттың ұзындығы – 3 метрге жуық.
Айта кету керек, осыған дейін де Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат құлағанын жазғанбыз.