Ерлан Ақкенженов ҚР Энергетика министрлігінің басшысы болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат мәтіні 2025 жылғы 19 наурызда Ақорда сайтында жарияланған:
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
"Әділет" жоғары құқық мектебін және "Астана" университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
2023 жылдың 4 сәуірінен бастап ҚР Энергетика министрі қызметін 2025 жылғы 18 наурызда президент жарлығымен жаңа Атом энергиясы агенттігін басқарған Алмасадам Сәтқалиев атқарды.