Қорғаушының бағасы бірден 23 миллион еуро болды.
"Transfermarkt" порталы АПЛ ойыншыларының трансфер бағасын жаңартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа трансферлік құнда өзбекстандық легионер Абдуқодир Хусанов 35 миллион еуроға бағаланғанын ӨзА хабарлап отыр.
Осылайша өзбекстандық футболшы ағылшын премьер-лигасының ең қымбат ойыншылары тізімінде тұр. Бұл кестеде бағасы 100 миллион еуроны құрайтын Александр Исак бірінші орынға жайғасқан.
Абдуқодир Хусановтың жаңартылған трансферлік құны Қатар (23,13 миллион еуро), Аустралия (23,75 миллион), БАӘ (30,65 миллион) және Сауд Арабиясы (30,65 миллион) басқа 9 елдің құрамасын артта қалдырған.
Өзбек футболшысы – қазір Азиядағы ең қымбат екінші орталық қорғаушы. Сондай-ақ ол сары құрлықтың ең қымбат ойыншылары арасында төртінші орынға ие болды.
Хусановтың жаңартылған трансферлік құнынан кейін Өзбекстан құрамасының жалпы құны 70 миллион еуроға жетті.
Абдуқодир Хусановтың "Transfermarkt" порталындағы бұрынғы құны 12 миллион еуро болған еді. Футболшы қазір Өзбекстан құрамасымен Қырғыз Республикасы (20 наурыз) және Иран (25 наурыз) құрамаларына қарсы кездесулерге дайындалып жатыр.