Аяз күшейеді .
"Қазгидромет" 20-22 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Солтүстік өңірлердің тұрғындарына көктем келді деп қуануға ерте, өйткені суық антициклон суық ауа райын алып келмек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
21 наурызда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, боран болады деп күтіледі. 22 наурызда жауын-шашын тоқтағанымен, түнгі уақытта ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді.
Антициклон Қазақстанның оңтүстігін де назардан тыс қалдырмайды: жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.