What are you looking for?

Олжас Бектенов: Қазақстанда өндірілетін тауарлардың барлығы сырттан импортталмауы тиіс

19.03.2025

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасы бойынша 5 жылда 13 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Ал биыл 1 триллион 200 миллиард теңге бөлінеді. Қазақстанда 19 миллион шаршы метр үй салынбақ, бұл тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш болады. Премьер-министр Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кеңес өткізді. Жиында ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруда банктердің ресурстарын қолдану мәселесін талқылады. Президенттің тапсырмасы бойынша экономиканы қаржыландырудың жаңа тәсілдері қарастырылды. Премьер-министр: «Қазақстанда өндірілетін тауарлардың барлығы сырттан импортталмай, өзімізде сатып алынуы тиіс. Бұл жұмыс цифрлық форматта жүргізілуі керек»,– деді.

Social Link

Follow Me On Social Media