Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын, жүктер мен тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалану арқылы өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Қырғызстанмен мемлекеттік шекара арқылы ақылы негізде электронды кезекті пайдаланатын автомобиль өткізу пункттері бекітілді:
- Айша-Бибі (Жамбыл облысы);
- Аухатты (Жамбыл облысы);
- Қарасу (Жамбыл облысы);
- Кеген (Алматы облысы);
- Қордай (Жамбыл облысы);
- Сартөбе (Жамбыл облысы);
- Сыпатай батыр (Жамбыл облысы).
Бұйрық 2025 жылдың 30 наурызынан бастап күшіне енеді.