What are you looking for?

Түркістан облысында полиция берешегі бар 25 көлік иесін анықтады

20.03.2025

Облыстық патрульдік полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" іс-шарасын өткізіп жатыр. Шараның мақсаты — жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Осы ретте батальон қызметкерлері жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын қоғамдық және жеңіл көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жол ережесі жазылған жадынама парақшаларын таратты. Іс-шараның 1 тәулігінде көлік басқару кезінде телефон қолданған 47 жүргізуші анықталды. Қауіпсіздік белдігін тақпаудың 75 дерегі тіркелді.

Ал жаяу жүргіншінің жол жүрісі ережесін бұзуының 42 жайты бойынша шара көрілді. Жалпы 264 құқық бұзушылық анықталды.

Айыптұраққа "Қорғау" бағдарламасымен 25 көлік қойылды. Мәселен, полицияға күндізгі уақытта төленбеген берешегі бар көлік бойынша хабарлама түсіп, жол бойында аталмыш көлік бірден тоқтатылды.

Тексеру кезінде оның жол ережесін сақтамағаны үшін 100 мың теңгеден астам қарызы бары расталды. Жүргізушіге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көлік айыптұраққа қойылды.

Social Link

Follow Me On Social Media